• RUB:
    6.37
  • USD:
    510.59
  • EUR:
    578.91
Басты сайтқа өту
Бокс Бүгін, 14:30

Азия чемпионатында боксшы қыздар 12 алтын алды

30 рет
көрсетілді

Бүгін Шри-Ланканың Коломбо қаласында бокстан 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының финалдық бәсекелері басталды, деп жазады Egemen.kz.

Жарыстың бүгінгі күнінде ел атынан алғаш болып шаршы алаңға шыққан Айым Танкибаева «алтын» медаль еншіледі. U-18 жас санатының 48 келіде сынға түскен отандасымыз Үндістан өкілін айқын басымдықпен жеңіп, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. 

Осылайша, Айым Чанчал Кумариді 5: 0 есебімен есеңгіретті. 

Қазақстан бокс федерациясы бұл додаға аттанған Қазақстан қыздар құрамасының барлық мүшесі финалға жетіп  Азия чемпионы атанғанын хабарлады.

50 кг

Биболсынқызы Сила — 1 орын,  алтын — Азия чемпионы52 кгАбдумажитова Рахмина — 1 орын,  алтын — Азия чемпионы54 кгИмантаева Жанель — 1 орын, алтын — Азия чемпионы57 кгТурсынғали Ақнұр — 1 орын, алтын — Азия чемпионы60 кгКасымхан Толғанай — 1 орын, алтын — 1-раундта мерзімінен бұрын жеңіс63 кгКудайгенова Алина — 1 орын, алтын — Нокаутпен жеңіс66 кг Есимбекова Ақбота — 1 орын, алтын — 1-раундта нокаутпен жеңіс70 кгСидоренко Мария — 1 орын, алтын — Айқын басымдықпен, 1-раундта тоқтатылған жекпе-жек75 кгТолыбай Зарина — 1 орын, алтын — Азия чемпионы81 кгЕгiңбайқызы Құралай — 1 орын,  алтын — 1-раундта нокаутпен жеңіс+81 кгЖақсылық Сабина — 1 орын  алтын — Азия чемпионы

Осылайша, Қазақстан қыздар құрамасы Азия чемпионатын командалық есепте бірінші тұғырда аяқтады.