• RUB:
    6.37
  • USD:
    510.59
  • EUR:
    578.91
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:06

Елімізде балаларды қорғау күніне орай қандай шаралар өтеді

20 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту министрлігі 22–30 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған кең ауқымды іс-шаралар өтетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Биыл бұл бастама «Қазақстан балалары» деген ортақ ұранмен өтеді. Бүкіл республика бойынша барлық ауыл, аудан және қала бұл мерекелік бастамаға белсене қатысады. Іс-шаралар балаларды елдің мәдени, білім беру және қоғамдық өміріне кеңінен тартуға бағытталады.

Аталған іс-шаралар Оқу-ағарту министрлігі тиісті мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырылып жатыр. ​Мереке күндері облыс, қала және аудан әкімдері балалармен кездеседі. Бұл кездесулерде балалар ұсыныстарымен, арман-мақсаттарымен бөлісе алады. Сонымен қатар осы күндері жаңа білім беру нысандарын ашу жоспарланып отыр. Театрлар, мұражайлар, саябақтар мен кинотеатрларға тегін немесе жеңілдікпен бару мүмкіндігі қарастырылған. Оған қоса, балаларға қолдау көрсетуге бағытталған өңірлік қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады.