• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 22 Мамыр, 2025

Білмей жасаған жақсылық

20 рет
көрсетілді

Интернеттегі қандай да бір сайт­қа кірмек болғанда, «Сіз робот емессіз бе?» деген жазуға жиі тап бола­мыз. Қисайған, бұлдыраған әріп­­терді теріп, «Captcha» деген тек­серістен өтеміз. Бірақ бұл жай ғана тексеріс емес.

Аталған жүйе – екі жұмысты қатар атқаратын ақылды технология. Оның бірінші қызметі – пайдаланушының адам не бот екенін анықтау. Екіншісі – кітаптар мен газеттерден сканерленген, бірақ компьютер оқи алмаған сөздерді цифрлық форматқа көшіру. Сіз бұл сөзді оқып терген кезде, миллиондаған адам да сол тапсырманы орындап жатады. Егер олардың жауа­бы сәйкес келсе, жүйе сол сөзді растайды да, мәтін цифрлық архивке еніп, сақталып қалады. Осылайша, сіз ойламаған жерден – кітапханаларда шаң басып жатқан сирек еңбектердің қайта жаңғыруына үлес қосып отырасыз. Бұл – технология мен адам еңбегінің тамаша үндестігі.