• RUB:
    6.37
  • USD:
    510.59
  • EUR:
    578.91
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:15

Талантын дәлелдеген Верди

10 рет
көрсетілді

Қазір Италияның әйгілі Милан консерваториясы ұлы композитор Джузеппе Вердидің есімімен аталады. Бірақ бір қызығы, дәл осы оқу орны 1833 жылы оны қабылдамай қойғанын біреу білсе, біреу білмейді.

Сол жылы 18 жастағы Верди бола­шағын музыкамен байланыстырамын деп, консерваторияға құжат тапсырады. Алайда емтихан комиссиясы «отырысы дұрыс емес», «техникасы әлсіз» деген сынмен талантты жігітті кері қайтарады. Бірақ уақыт бәрін өз орнына қойды. Верди тынымсыз еңбегінің арқасында әлемдік музыка өнерінің дара тұлғасына айналып, аты аңызға айналған композитор болды. Ал оны қабылдамаған оқу орны кейін дәл сол Вердидің есімімен аталды. Бұл – таланттың жолын ешқандай тосқауыл бөгей алмайтынының айқын дәлелі.