• RUB:
    6.37
  • USD:
    510.59
  • EUR:
    578.91
Басты сайтқа өту
Жемқорлық Бүгін, 02:02

Павлодарда мансап орталығының директоры өз сыбайластарымен 110 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған

80 рет
көрсетілді

Қылмыстық әрекеттер жалақыны заңсыз төлеу, еліміздің оңтүстік өңірлерінен қоныс аударушыларға материалдық көмек көрсету, үшінші тұлғаларға жәрдемақы беру арқылы жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысы Железин аудандық соты Железин аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры мен оның қарамағындағы екі қызметкерге, сондай-ақ олардың сыбайласы болған үш азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады. Кінәлі тұлғалар бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде талан-таражға салу, сондай-ақ алаяқтық пен құжаттарды қолдан жасау деректері бойынша айыпталды.

- 2021 жылдың қаңтар айынан 2024 жылдың сәуіріне дейінгі кезеңде азамат Т., Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері А., С. және азаматтар А., К., Ж.-ның көмектесуімен жалпы сомасы 110 332 622 теңге бюджет қаражатын жымқырған. Қылмыстық әрекеттер жалақыны заңсыз төлеу, қоныс аударуға материалдық көмек көрсету, үшінші тұлғаларға жәрдемақы беру арқылы жасалған. Сотталушылардың кінәсі куәлардың, жәбірленушілердің өкілдерінің, сотталушылардың өздерінің айғақтарымен және іс материалдарымен дәлелденді,-деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Сот қылмыстық істі қарай келіп, Т.-ға 7 жыл, Жұмыспен қамту орталығының қызметкері А.-ға 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Екеуі де өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Өзге сотталушылардың жазаны жеңілдететін мән-жайлары мен келтірілген зиянды өтеулері ескеріліп, 2 жылдан 4 жылға дейін бас бостандықтары шектелді. Оларға пробациялық бақылау белгіленіп, мәжбүрлі жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Павлодар облысы