• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 21 Мамыр, 2025

Тілсіз жау биыл өршіп тұр

40 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар қызметінің (ТЖҚ) хабарлауына қарағанда жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 200-ге жуық өрт болған.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық. 15 адам өрттен шейіт болған, соның ішінде 3 бала бар.  Алты  адам оттан зардап шеккен. Бір адам газға тұншығып мерт болған.

Сонымен қатар рұқсат етілмеген кезде қау шөптерді өрттеудің 29 оқиғасы тіркелген. Бұл өрттер 283 гектар жерді қамтыған. ТЖҚ өрттің күш алмауы үшін 1,5 мың шақырым жерді залалсыздандыру ұсынылса соның 51 пайызы ғана орындалған.

Солтүстік Қазақстан облысы