• RUB:
    6.37
  • USD:
    510.59
  • EUR:
    578.91
Басты сайтқа өту
Digital Кеше

Геологиялық ақпараттар цифрланып келеді

30 рет
көрсетілді

Қазақстанда жер қойнауын пайдалануға қатысты мәліметтерді цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл бастама жер қойнауын барлау мен игеруде ашықтықты арттырып, инвестициялық тартымдылықты күшейтуді көздейді, деп жазады Egemen.kz.

Ресми мәліметке сүйенсек, 2024 жылдың соңына дейін геологиялық деректердің 1 905 976 бірлігі сандық форматқа көшірілген. Олардың қатарында қағаз құжаттар, графикалық материалдар, магниттік таспалар мен картридждер бар. Бұл жалпы мәлімет көлемінің 42 пайызына тең. Айта кетерлігі, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі еседен артық өсімді көрсетіп отыр.

2023-2024 жылдар аралығында цифрландырылған геологиялық ақпараттың негізгі көрсеткіштері мынадай:

Жалпы 2,7 миллионнан астам бірлік ақпарат сандық жүйеге ауыстырылды; Оның ішінде 2,47 миллионға жуық қағаз және графикалық тасымалдағыштар; 75 мыңнан астам магниттік таспа; 50 мың картридж.

Жоспарға сәйкес, 2025 жылы қосымша 1,2 миллион бірлік ақпаратты цифрлық форматқа көшіру көзделіп отыр. Осылайша, жалпы цифрландыру үлесі 86 пайызға дейін жетпек.

Сала мамандарының айтуынша, бұл қадам геологиялық мәліметтерге қолжетімділікті арттырып қана қоймай, еліміздің жер қойнауын тиімді пайдалануға серпін береді.