• RUB:
    6.37
  • USD:
    510.59
  • EUR:
    578.91
Басты сайтқа өту
Несие Бүгін, 15:17

Қазақстан шетелдік банктен 46,3 млрд теңге несие алады

30 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Халықаралық қайта құру және даму банкінен (ХҚДБ) 46,3 миллиард теңге көлемінде қарыз алуды жоспарлап отыр. Мәжіліс бұл келісімді ратификациялау туралы қорытындыны әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл қарыз «Инклюзивті экономика үшін жедел цифрландыру» жобасы аясында беріледі. Келісім 2024 жылдың желтоқсанында ХҚДБ мен Қазақстан үкіметі арасында жасалған болатын. Қарыз сомасы 13,083 миллиард жапон иеніне, яғни қазіргі бағам бойынша 46,3 миллиард теңгеге тең.

Қарызды өтеу мерзімі - 12 жыл, оның ішінде 2028 жылдың 15 сәуіріне дейінгі жеңілдік кезеңі қарастырылған. Сонымен қатар:

Бір жолғы комиссия мөлшері – қарыз сомасының 0,25%-ын құрайды;

Резервтеу комиссиясы – жылына 0,25%, пайдаланылмаған қаражат қалдығына есептеледі.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан бюджет тапшылығын жабу үшін Азия даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкiнен жалпы сомасы 336 миллиард теңге көлемінде екі қарыз алуды жоспарлап отыр.