Испанияның Барселона қаласында жүзуден беделді турнир өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті бұл додада ел намысын сегіз спортшы қорғайтынын хабарлады.
Олар: Әділбек Мусин, Аделаида Пчелинцева, Максим Сказобцов, Даниил Черепанов, Софья Сподаренко, Ксения Игнатова, Егор Попов және Арсен Қожахметов.
Жарыс 21-22 мамыр аралығында өтеді.