• RUB:
    6.33
  • USD:
    511.59
  • EUR:
    575.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 11:52

Ертең еліміздің барлық өңірінде дабыл белгісі қосылады

50 рет
көрсетілді

22 мамыр күні таңертең еліміздің барлық өңірінде ескерту жүйесінің жұмысын тексеру мақсатында дыбыстық дабыл белгісі ойнайды. Бұл – «Өрт-2025» оқу-жаттығуы аясында өтетін жоспарлы шара, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 22–23 мамыр аралығында «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Жаттығу төтенше жағдайлар кезіндегі басқару органдары мен азаматтық қорғау құрылымдарының өзара іс-қимылын пысықтауға бағытталған.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, биылғы оқу-жаттығудың үйлестіру және басқару орталығы осы өңірде орналасқан. 22 мамыр күні сағат 9:00-де ел аумағында дабыл белгісі қосылып, жүйенің техникалық дайындығы тексеріледі.Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындардан сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауды сұрайды. Бұл – алдын ала жоспарланған оқу-жаттығу екенін ескертеді. 

Сондай-ақ жаттығу аясында шекара маңындағы аумақтарда орман және дала өрттерін сөндіруге бағытталған іс-қимылдар да пысықталады. Бұл жұмыстарға Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары мен техникасы да жұмылдырылады.

Жанель ТӨЛЕУБЕКОВА, ЕҰУ 2 курс студенті