• RUB:
    6.33
  • USD:
    511.59
  • EUR:
    575.28
Басты сайтқа өту
Өндіріс Бүгін, 10:15

Ірі жобалардағы ілгерінді істер

20 рет
көрсетілді

Президент тапсырмасымен іске асырылып жатқан «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының ірі жобасы – полиэтилен өндіретін зауыт. Биыл толық көлемдегі құрылыс жұмыстары басталды, деп жазады Egemen.kz.

Аталған жобамен бірге екі инфрақұрылымдық жоба – газ сепарациялау кешені мен магистральдық құбырларды салу іске асырылатын болады. Бұл 3 жобаның жалпы құны шамамен 11 млрд АҚШ долларын құрайды. Жоба ҚМГ мен серіктестердің тікелей инвестициялары арқылы жүзеге асып жатыр.

Бүгінде барлық инвестициялық шешімдер қабылданды. Осы орайда, Үкімет қолдауының арқасында құрылыс нормаларының кейбір артық талаптары алынып тасталды. Нәтижесінде ҚМГ мен «Полиэтилен» жобасының инвесторлары қажетті инвестициялық шешімдерді дер кезінде қабылдады.

Оған қоса, газ сепарациялау кешені жобасын қаржыландыру – ашық мәселе. Қазақстан даму банкімен қолайлы шарттарды қарастырып жатыр. Үкімет басшысының тапсырмасына қарай «ҚазМұнайГаз» жобалардағы отандық қамту және кадрлық қолдауды дамытуға баса назар аударады.

Қазір отандық өндірушілерге аудит жүргізіліп жатыр. Осы кезге дейін 34 зауыт аудиттен толық өтіп, тағы 38 компанияға талдау жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, Атыраумұнаймашқа жалпы сомасы 10 млн АҚШ долларынан астам қаражатқа пиролиз процесіндегі 2 ірі бағанға тапсырыс берілді. Соның ішінде ең ірісі – этилен фракционаторы, биіктігі  84,5 метр, салмағы 1 885 тонна.

Бұлармен бірге испандық мердігер Technicas Reunidas біздің елде Инжинирингтік орталық құру жөнінде шешім қабылдады. Одан бөлек, «Таланттарды тарту» бағдарламасы бекітіліп, оның аясында инженерлік мамандықтар бойынша 120 түлекті оқыту мен жұмысқа орналастыру жоспарланған. ҚазҰТУ, Назарбаев Университеті, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, ҚБТУ жоғары оқу орындарынан үздік студенттерді бөлу туралы меморандумдарға қол қойылды.

Бағдарламаға сәйкес студенттер алғашқы 3 ай онлайн форматта оқиды. Одан кейін оқуды Испанияда мердігер есебінен жалғастырады. Нәтижесінде, Technicas Reunidas студенттерді өзінің әлемдегі жобаларына жұмысқа орналастырады. Осы жылғы тамыз-қыркүйек айларында студенттердің бірінші легі іріктеліп алынады.