Пробация қызметінің бақылауында тұрған азаматтардың жүріс-тұрысын қадағалауға мүмкіндік беретін электронды білезіктер тиімділігін көрсетіп отыр.
Жыл басынан бері облыста осы құрылғы көмегімен 35 құқық бұзушылық анықталыпты. Оның ішінде 31-інде сотталғандар түнгі уақытта мекенжайын рұқсатсыз тастап кеткен екен.
Жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған, шартты түрде сотталған немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін адамдарға қолданылатын электронды білезік тәулік бойы үздіксіз бақылау жүргізуге, сот жүктеген шектеулердің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері сотты болған үш азамат электронды құрылғыны қасақана зақымдап, шешіп тастауға әрекеттеніпті. Өткен жылы мұндай жеті дерек тіркелген.
Олардың бәрі де жауапкершілікке тартылды.