• RUB:
    6.33
  • USD:
    511.59
  • EUR:
    575.28
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 17:18

Абай облысында сарбаз қаза тапты

20 рет
көрсетілді

Абай облысында мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз бактериалды менингиттен көз жұмды. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

16 мамыр күні кешкісін сарбаз өзін жайсыз сезініп, дене қызуы көтерілген соң Аягөз әскери ауруханасына жеткізілген.

«Бастапқы тексеру мен ем тағайындалғаннан кейін де жағдайы жақсармады. 17 мамыр күні қосымша зерттеулер, соның ішінде УДЗ мен КТ жасалып, нәтижесіне байланысты оны әрі қарай ем алу үшін қалалық орталық аудандық ауруханаға ауыстырды. 18 мамырда сарбаздың жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміндегі қарқынды емге қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады», делінген ресми хабарламада.

Сарбаз 25 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылған еді.

Оның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Құрлық әскерлері қолбасшылығы марқұмның отбасына және жақындарына көңіл айтып, тиісті көмек көрсетілетінін айтты.