Елордада орналасқан «Ғасыр» оқу орталығына қатысты полицияға бірнеше азаматтан ұжымдық шағым түскен. Шағымданушылар оқу орны шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге дайындық курстарын уәде етіп, толық төлем алғанымен, қызмет көрсетілмегенін мәлімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астана қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, азаматтар орталықпен келісімшартқа қол қойып, оқу ақысының толық сомасын төлеген. Алайда уәде етілген дайындық сабақтары мүлдем өткізілмеген.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Астана қалалық ПД басшылығының бақылауында», делінген хабарламада.