• RUB:
    6.33
  • USD:
    511.59
  • EUR:
    575.28
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Суға шомылу қағидасын бұзған 32 адамға айыппұл салынды

80 рет
көрсетілді

Өрт қауіпті кезеңі басталғалы Түркістан облысының орман қоры аумағында өрт тіркелмеген. Ал дала алқаптарында 8 рет өрт шығып, аумағы 45 гектарды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік өрт сөндіру бекеттері жоқ елді мекендерде 37 өрт сөндіру бекетін құру туралы тапсырма берілген. Бүгінде 10 бекет құрылып, өз жұмыстарын атқарып жатыр. Қалған 27 бекетті салу жұмыстары жалғасады. Сондай-ақ жоспар бойынша белгіленген 14 мың шақырымның 13 958 шақырымына минералды жолақтар қазылған. Осы бағытта алдын алудағы іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті мекемелер мен ұйымдарға тапсырмалар берілген. Мәселе бақылауда тұр.

Биыл шомылу маусымының басталмағанына қарамастан облыс аумағында түрлі жағдайларда суға кету оқиғалары тіркелген. Арасында балалар да бар. Өңірде құзырлы мекемелер тарапынан су айдындарында патрульдеу, рейд жұмыстары жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері 657 рет рейд жүргізіліп, нәтижесінде судағы қауіпсіздік қағидаларын бұзған 32 жеке тұлғаға 440 384 теңге айыппұл салынған.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте осындай деректер келтіріліп, өрт қауіпсіздігін сақтау және суға шомылу маусымындағы сақтық іс-шараларын күшейту қажеттігі айтылды.