• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 12:20

Оқушылар жазда мұражайлар мен театрларға тегін кіре алады

40 рет
көрсетілді

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Министрлік оқушылардың жазғы демалысын тиімді үйлестіру мақсатында мәдени және шығармашылық бағытта ауқымды іс-шаралар кешенін әзірледі.

Министрлікке қарасты 10 білім ордасында бүгінде 10 мыңнан астам шәкірт білім алуда. Аталған ұйымдарда жаз мезгіліне арналған арнайы мәдени-танымдық бағдарламалар бекітілді.

«Жазғы уақытта еліміздің барлық мектеп оқушыларына музейлер мен театрларға, өзге де мәдени мекемелерге тегін кіруге мүмкіндік жасалып отыр. Бұл әрбір балаға мәдени мұрамен етене танысып, рухани байи түсуге жол ашатын игі бастама», Қанат Ысқақов.