• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 11:03

Әділет Базарбаев Америкада алтын алды

30 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы Industry Hills Expo Center-де— «International Taekwondo Fest 2025» деп аталатын халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төрткүл дүниенің ір қиырынан жиналған 300-ден аса таеквондошының қатысумен өткен жарыста Әділет Базарбаевтың бағы жанды. 63 кг салмақ дәрежесінде күш сынасқан ол Ол Таха Хозема Хамбати, Стэнли Лопес және Алден Рю сынды шеберлерді айқын басымдықпен ұтып, бас жүлдені қанжығасына байлады. 

Жастайынан таеквондоны серік еткен Әділет үшін бұл алғашқы жеңіс емес. Бүған дейін де ол бірқатар халықаралық додаларда дараланып, жеңіс тұғырына көтерілген. Десек те қандасымыз бұл табысын қанағат тұтар емес. Алдағы уақытта да Базарбаев Қазақ елінің әнұранын шырқатып, туын биікте желбіретуді көздеп отыр.