• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 20 Мамыр, 2025

Шимпанзелер сөйлей алады

30 рет
көрсетілді

Міне, қызық, шимпанзелер тек қара­пайым дыбыстарды ғана шы­ғарып қоймай, оларды біріктіріп, қысқа сөйлем құрай алады екен.

Жаңа зерттеу көрсеткендей, шимпанзелер дыбыстарды топтастырудың кемінде төрт түрлі ерекше әдісін қолданады. Бұл өте маңызды, өйткені мұндай күрделі ды­быстық байланыс басқа жануарларда әлі байқалмаған. Осылайша, шимпанзелер­­дің тілі адам тілінің синтаксисіне, яғни сөздерді белгілі тәртіппен біріктіру ар­қылы мағына жасауға бір табан жа­қын екені анықталды. Ғалымдар шим­панзелердің дыбыстарды құрап сөйлей алуы — тілдің эволюциясын түсіну үшін маңызды жаңалық болды дейді.