• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 01:30

Қызылжар оғланы чемпион болды

20 рет
көрсетілді

Түркияның Анталья қаласында 14-18 мамыр аралығында кикбоксингтен  Әлем кубогы үшін болған жарыста Қазақстан құрама командасының қатарында күрескен қызылжарлық Аслан Асылбеков өз салмақ категориясы бойынша бесінші рет чемпион атанып, кубокты жеңіп алды.

Бұл жарысқа әлемнің 41 елінен 2549 спортшы қатысты. Соның ішінде Қазақстан командасының құрамында 102 палуан өнер көрсетті. Бұрын мұндай жарыстарда төрт рет чемпион болған Аслан 60 кг салмақ категориясында қарсыластарын шыдатпады. Оның жаттықтырушысы Дастан Қабденов. Құрама команда қатарында күрескен тағы бір солтүстікқазақстандық Данияр Жарасов қола медаль алды.

ПЕТРОПАВЛ