Мемлекет басышысы хатшылықтың ҚР аумағында болуы шарттары жөнінде келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
— Мемлекет басшысы «2007 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы арасындағы Хатшылықтың Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — деп хабарлады Ақордадан.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.