• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 19 Мамыр, 2025

Президент АҚШ Үкіметіне жер учаскесін жалға беру жөнінде келісімді ратификациялау туралы Заңға қол қойды

50 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялау туралы  Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Алматы қаласында Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.