14 жасар ақтаулық Эдгар Мамедов – Қазақстанның шахмат тарихындағы ең жас гроссмейстер ретінде тіркеліп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аталған жетістік – Қазақстан шахмат федерациясының жас дарындарды қолдау бағдарламасының жемісі.
Жас шахматшыға аталған атақ – ФИДЕ Президенттік кеңесінің алдағы отырысында ресми түрде беріледі.
ҚР шахмат федерациясының мәліметінше, тек бір жылдың ішінде Эдгар Мамедов барлық талаптарды орындаған: Aktobe Open 2024 (В.Дворкович мемориалы), Аликанте және Менорка (Испания) турнирлері (GM нормалары). Соңғы жетістік – Шарджадағы (БАӘ) беделді турнирде Эло рейтингінің 2500 межесін бағындырған. Осылайша ол халықаралық гроссмейстер (GM) атағын иеленіп, әлемдік шахмат элитасының қатарына қосылды.