«Дядя Ваня» телеграм-арнасы отандық теннисшілердің биылғы жылғы табысын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осы орайда, ең көп олжаға кенелген Елена Рыбакина екенін айта кеткен абзал. Бұл күндері WTA тізімінде 12 орында тұрған отандасымыз жыл басынан бері 1 200 000 АҚШ доллары көлемінде пайдаға кенелді. Екінші орында – Юлия Путинцева. Еліміздің екінші ракеткасының табысы 503 000 долларды құрап отыр. Үздік үштікті Александр Шевченко түйіндеді. Оның табысы – 459 000 доллар.
Ал одан кейінгі сатыларға Александр Бублик ($339 000), Анна Данилина ($120 000), Михаил Кукушкин ($104 000), Дмитрий Попко ($80 000), Тимофей Скатов ($48 000), Денис Евсеев ($36 000) және Бейбіт Жұқаев ($32 000) жайғасты.