• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:10

Қызылордада «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы құрылды

20 рет
көрсетілді

Елімізде жаңа арнайы экономикалық аймақ (АЭА) пайда болды. Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған Үкімет қаулысына сәйкес, «Қорқыт Ата» АЭА Қызылорда облысында, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне жақын 550 гектар орналасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоспарға сәйкес, 2049 жылға дейін бұл аймаққа тартылатын инвестиция көлемі 150 млрд теңгеге, оның ішінде шетелдік капитал 80 млрд теңгеге дейін жетеді. Өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық көлемі 500 млрд теңге деңгейінде болады деп болжанып отыр. Сонымен қатар, қазақстандық қамту үлесі 90%-ға дейін артады.

«Арнайы экономикалық аймақ аумағында заманауи өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті өндірістерді жедел дамыту, қызмет көрсетудің сапалы жаңа деңгейін қалыптастыру, инвестиция тарту, экономика саласында жаңа технологиялар енгізу, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуды арттыру үшін мүмкіндіктер жасау жоспарлануда. АЭА-ның «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне жақындығы Қазақстан мен Орталық Азия нарықтарында өнімді тиімді өткізуге мүмкіндік береді. 25 жыл ішінде АЭА кәсіпорындарында 3 366 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген, қатысушы компаниялардың саны 39-ға жеткізіледі», деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар 25 жыл ішінде АЭА кәсіпорындарында 3 366 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген, қатысушы компаниялардың саны 39-ға жеткізіледі. Сондай-ақ мультимодальды әуе хабтарын дамыту аясында «Оңтүстік», «Астана – Технополис», «Сарыарқа», «Alatau» және «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймақтарына порт аймағы мәртебесі берілген.