• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 16:42

Үстел теннисінен Жәния Бекмұхамбетова үстем болды

20 рет
көрсетілді

Болгарияның Панагюриште қаласында үстел тениисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова байрақты бәсекеде болгар спортшылары Радина Захариеваны, Мартина Николованы, Белослава Балканскаяны, словакиялық Вивьен Мурковты, румыниялық Карисс Сербанды және Бьянка Томуды ұтты. Сөйтіп ол 13 жасқа дейінгілер арасында мықты қарсыластарының ешқайсысына мүмкіндік қалдырмай, алтыннан алқа тақты.

Айта кетелік, Жәния Бекмұхамбетова 2024 жылы тамыз айында Хорватияда өткен WTT Youth Contender турнирінде 11 жасқа дейінгі спортшылар арасында үздік атанды және Словения, Мысыр, Словакия, Венгрия, Италия елдерінде де үздіктер қатарынан көрінді. Кейбір турнирлерде өзінен үлкен қарсыластары арасында жеңіс тұғырынан екі рет көрінген кездері де болды.