«Астана Тазалық» ЖШС БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында байқау жариялайды. Жалпы жүлде қоры – 4 миллион теңге, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен Астана күніне орай ұйымдастырылатын байқаудың мақсаты – Астана қаласының, оның маңындағы елді мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, қоқыстарды жинау және шығару, «Астана Тазалық» қызметінің қалыптасуы, дамуы, жетістіктері мен келешегі туралы айту, сондай-ақ Жұмысшы мамандықтар жылы аясында күн сайын қала тазалығын қамтамасыз ететін кәсіпорын қызметкерлерінің еңбегіне жұртшылық назарын аудару.
Байқауға отандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері мен блогерлер қатыса алады. Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:
«Үздік телевизиялық материал»; «Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым»; «Баспа басылымындағы үздік мақала»; «Интернет-басылымдағы үздік жарияланым».Оған 2025 жылғы 15 мамыр мен 30 маусым аралығында мемлекеттік немесе орыс тілінде шыққан жұмыстар қабылданады. Ұсынылатын жұмыстар саны шектелмеген.
Оларды құрамына коммуналдық сала мамандары мен тәжірибелі журналистер кіретін тәуелсіз комиссия қарайды. Қазылар алқасы берілген тақырыптың өзектілігі және байқау шарттарына сәйкестігі, тақырыпты ашу тереңдігі мен шынайылығы, баяндау стилі мен авторлық пайымның бірегейлігі сынды критерийлер бойынша бағаламақ.
Байқауға қатысу үшін материалдар келесі электронды пошта арқылы қабылданады: astana_tazalyk@mail.ru. Байланыс нөмірі: +7 700 259 2188.
Жұмыстарды қабылдау уақыты: 2025 жылғы 30 маусым, сағат 18:00-ге дейін (Астана уақытымен).
Байқау қорытындысы 2025 жылғы 3-4 шілде аралығында жарияланады.
Жалпы жүлде қоры – 4 миллион теңге.