• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 12:44

Ертіс өзенінде шыбын-шіркейге қарсы өңдеу жұмыстары жасалды

40 рет
көрсетілді

Биологиялық препарат баржалардан суға төгіліп, шыбын-шіркейдің дернәсілдерін жояды. Өңдеу Аққулы ауданынан басталып, ағын бойымен Ертіс ауданына дейін созылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қансорғыштарға қарсы өзен үстіндегі улау шаралары биыл жылдағыдан ертерек басталды. Себебі Ертіс жайылмаларының 90% -ға жуығын су басқан. Сәйкесінше, дезинсекцияның алғашқы кезеңі жүргізілді.

 -Алғашқы кезеңде 10 күн бойы препараттар жіберіледі. Кеше 6 нүктеде жұмыс жүргізілсе, бүгін қалғандарында дезинсекциялау жасалды. Аталған жұмыстарға 10 тонна суспензия пайдаланылды. Биологиялық препарат баржалардан суға төгіледі, - дейді Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Дияр Қайыркенов.

Өзендегі дернәсілдерді өңдеуге «Бактицид» биологиялық препараты қолданылады. Ғылыми топ өкілдері оның тиімді екенін айтады. Дезинсекция Ертіс өзені жазғы арнасына түскенге дейін жалғасады. Су жайылмадан толығымен шыққаннан кейін мамандар өңдеудің басқа түрлеріне көшеді.

Соңғы жаңалықтар