Биыл Петропавл қаласындағы «Қарасай» стадионын қайта жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталған. Бірінші кезеңде жарықтандыру, алаң, табло және дыбыс жүйесі жаңартылса, екінші кезеңде трибуналар, киім ауыстыратын бөлмелер мен санитарлық тораптар күрделі жөндеуден өтіп, жаңа корпус салынған.Ал Қызылордада 10 000 орындық стадионның құрылысы жүріп жатыр. Осы жылғы шілде айында аяқтау жоспарланған.Астанада Қ. Мұңайтпасов атындағы жаңа стадионның құрылысы басталды. Бұл футбол алаңы 2026 жылдың I тоқсанында пайдалануға берілген.Сондай-ақ Астанада Ұлттық спорт университетінің құрылысы жалғасып жатыр. Жоба екі кезеңнен тұрады. Нысанды тапсыру мерзімі жыл соңына жоспарланған. Оқу орны колледжден бастап докторантураға дейінгі толық білім беру циклын қамтиды.Түркістанда ескек есу каналының құрылысы жалғасып жатыр. Құрылыстың бірінші кезеңі толықтай аяқталған, екінші кезең жұмыстары 95% атқарылып, үшінші кезеңдегі жұмыс деңгейі - 30% көрсеткішін құрайды. Жұмысты жыл соңына дейін аяқтау межесі көзделген.Айта кетейік, 2024 жылы елімізде 90 спорт нысаны салынған. Оның 61-і ауылдық жерлерде, 29-ы қалалар мен аудан орталықтарында орналасқан.