• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Digital Бүгін, 08:40

Керек дерек

40 рет
көрсетілді

«eGov Mobile» қосымшасында цифрлық қауіпсіздік қызметі іске қосылды. Бұл сервис жеке деректердің жария болу фактілерін анықтауға, күмәнді сілтемелерді тексеруге және онлайн алаяқтықтан қорғануға көмектеседі.

Жаңа сервистің қажеттілігі «eGov» қосымшасындағы онлайн сауалнама нәтижесінде айқындалды. Сауалнамаға 50 мыңнан астам адам қа­тысып, олардың 53%-ы жеке деректерінің интернетте тарап кеткенін байқаса да, қайда жүгінетінін білмейтіндерін мойындаған. Ал 62%-ы мұн­дай жағдайда қалай әрекет ететінін білсе, 31% адам фишинг дегеннің тіпті не екенін түсінбейтін болып шықты. Бұл – интернеттегі алаяқтардың ең көп қолданатын айласының бірі. Әр бесінші адам ғана жалған сайтты шынайы сайттан ажырата алатынын айтқан.

Осы олқылықты ескере отырып, «Nomad Guard» деп аталатын жаңа сервис іске қосылды. Бұл қызмет фишингтік сілте­мелерді, жалған сайттарды және деректердің таралу фактілерін тексеруге мүмкіндік береді.

Аталған қызметті қалай қолдануға болады? Ең әуелі, «eGov Mobile» қосымшасына кіріп, «Басқа сервистер» бөліміне өту қажет. Содан соң «Тексер» батырмасын басып, сайттың немесе сілтеменің мекенжайын енгізіп, «Жіберу» батырмасын басу керек. Ал тексеру нәтижесін «Менің тексерулерім» бөлімінен көре аласыз.

Сондай-ақ қосымшада «Алаяқтық» бөлімі бар, бұл арқылы күмәнді жағдайлар туралы хабарлауға болады.

Соңғы жаңалықтар