Астықты өңір үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу айрықша маңызды, деп жазады Egemen.kz.
Биыл Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжановтың Эстония Республикасына барған жұмыс сапары нәтижесінде «Muuga Grain Terminal» астық терминалымен екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл қадам өңір диқандары үшін Еуропаға астық экспорттауға жол ашты.
Ағымдағы жылы екі кәсіпорын жалпы көлемі 5,6 мың тонна астықты Италияға экспорттады. Оның ішінде «Содружество Трейд Восток» ЖШС Эстония аумағы арқылы 1,6 мың тонна өнім жөнелткен.
Ақмола облысы