• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:20

БҚО-да серіктестік басшысы субсидия қаржысын жымқырған

30 рет
көрсетілді

Несиелік серіктестік басшысы өз бақылауындағы шаруа қожалығының атына 126,7 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие рәсімдеп, бұл қаражатты ірі қара мал сатып алмай-ақ қолма-қол ақшаға айналдырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті «Агробизнес» бағдарламасы аясында мемлекет бөлген қаражатты жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтаған.

Сонымен қатар, ол мал шаруашылығының ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтер енгізіп, 2017–2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 24 млн теңге көлеміндегі субсидияны заңсыз түрде иемденген. Субсидия алудың заңдылығын көрсету мақсатында ол басқа шаруашылықтардан асыл тұқымды мал сатып алынғаны жөнінде жалған құжаттар тапсырған.

Анықталғандай, күдікті қылмыстық жолмен тапқан қаражатқа жер телімдерін сатып алып, оның бірінде сауда үйі мен сауна салған. Бұл мүлікті жасыру үшін ол нысандарды жақын туысының атына рәсімдеген.

«Сот санкциясымен жалпы құны 198 млн теңге болатын мүлікке — 2 жер теліміне, сауда үйіне, саунаға және «Exeed LX» маркалы автокөлікке — тыйым салынды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылды», делінген хабарламада.