• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 15 Мамыр, 2025

105 жастағы түлек

80 рет
көрсетілді

Білім алу ешқашан кеш емес. Мысалы, АҚШ тұрғыны Вирд­жиния Хислоп 105 жасында ма­гистр­лік дипломға ие болған.

Ол оқуын сонау 1936 жылы бастаған. Бакалавр дәрежесін ойдағыдай аяқтап, магистратураға түскен. Алайда Екінші дүниежүзілік соғыс басталып, күйеуі әскерге шақырылған соң, оқуды тоқтатуға мәжбүр болған. Содан кейін Вирджиния отбасымен бірге Вашингтон штатына көшіп, бала тәрбиелеп, колледждер мен мектептерде басшылық қызмет атқарады. Бірақ кәсіби білімін жетілдіруді үнемі ойлап жүреді. Ақыры араға 80 жылдан аса уақыт салып, магистрлік жұмысын аяқтап, дипломын алып шығады. «Бұл сәтті өмір бойы күттім», дейді ол.