• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Отбасы Кеше

Биыл СҚО-да шаңырақ көтерген 581 жұптың 152-сі ажырасып кеткен

30 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері облыста 581 неке қиылса 152 неке бұзылған, яғни бұл қосылған жұп санына қарағанда ажырасу 26 пайыз болып отыр деген сөз, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

 Былтыр 2975 неке тіркелсе, 602 неке бұзылған. Демек, жыл бойы қиылған некемен салыстырғанда ажырасқандар 20 пайыз болған. Биылғы төрт айдағы қарқынға қарағанда ажырасқандар саны арта түскен.

Неке бұзу деген бұрын қоғамда жеккөрінішті әсер қалдыратын көрініс болса, қазір қалыптағы жайт болып кеткен. Бұдан ұлтымыздың өсімі оңалмасы белгілі. Айтқандай жыл басынан бері алимент алу үшін шығарылған сот шешімдерінің саны 9522 жеткен. Облыстағы 40-қа жуық сот орындаушы осы шешімдерді орындатумен шапқылауда.

Солтүстік Қазақстан облысы