• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 11:36

Су мамандарының екінші тобы Қытайға оқуға аттанды

30 рет
көрсетілді

Елімізден 30 маман Қытай Халық Республикасына екі апталық курстарға аттанып отыр. Еске салайық, бұған дейін КХР-дан 30 адамнан құралған алғашқы топ оралғаны мәлім, деп жазады Egemen.kz.

Қытайда біліктілікті арттыру курстарынан биыл Қазақстанның су саласының 120 маманы өтетіні көзделген. Аталған курстарды ұйымдастыру Қытай тарапының қаражаты есебінен болғандықтан, іс-шараны ұйымдастыруға ҚР-ның мемлекеттік бюджетінен қаражат бөлінбеген.

«Қазақстан мамандары Қытайдан басқа, АҚШ, Франция және Жапонияда да оқудан өтті. Қазіргі уақытта басқа да елдермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Былтырғыдай, биыл да Қазақстандағы арнайы орталықтарда оқу курстары өтеді. 2025 жылы бұл курстардан шамамен 1000 маман өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп», деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.