• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:40

Астанада 70 адам 17 миллион теңгеге жалған тур сатып алған

10 рет
көрсетілді

Астанада алаяқ Вьетнамға арзан тур ұйымдастырамын деп уәде беріп, тұрғындардың 17 миллион теңгесін жымқырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алаяқ әлеуметтік желілерде шетелге тиімді бағада билет алып беремін деп жарнама жасаған. Ол 70-ке жуық адамды алдап, әрқайсысынан 200 мыңнан 500 мың теңгеге дейін қаржы жинаған. Жәбірленушілер тур жолдамалары жалған екенін әуежайға келгенде бір-ақ білген. Себебі, қаскөй клиенттерге жалған электронды билет пен түбіртек жолдап отырған.

Нұра ауданы прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры Райымбек Ұлықбановтың айтуынша, алданғандардың арасында ересектер де, балалар да бар. Алаяқ билеттерді нарықтағы бағадан арзан ұсынып, оларды арнайы арналар арқылы сатып аламын деп сендірген.

Құқық қорғау органдарының жедел әрекетінің арқасында күдікті ұсталып, барлық жәбірленушіге келтірілген шығын толық өтелген. Сот үкімімен алаяқ 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

Айта кетейік, құзырлы органдар тұрғындарды туристік қызметтерді сатып алмас бұрын туроператордың лицензиясы бар-жоғын тексеруге шақырады. Қазіргі уақытта Қазақстанда ресми тіркелген 700-ге жуық турфирма бар. Олардың тізімін «Туркод» қосымшасы арқылы тексеруге болады. Қосымшада турфирма атауын немесе сатып алған жолдаманың туркодын енгізіп, компания туралы толық ақпарат алуға болады.