• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Қылмыс Кеше

Абай облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

20 рет
көрсетілді

Семей қаласының №2 соты екі қала тұрғынын қаржылық пирамида ұйымдастырып, оған қатысқан 26 азаматқа жалпы сомасы 20 млн теңге залал келтіргені үшін кінәлі деп таныды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Бас прокуратураның дерегіне қарағанда, 2023 жылғы қыркүйек пен қазан айлары аралығында аталған адамдар Семей қаласындағы компания кеңсесінде кездесулер мен семинарлар өткізген.

Олар жаңа қатысушыларды тіркеумен, компания жүйесінде аккаунттар жасаумен және «WhatsApp» мессенджері арқылы үгіт-насихат материалдарын таратумен айналысқан. Бұл қызмет азаматтарды электронды валютаға инвестиция салу және бонус алу уәделерімен жүйеге тартуға бағытталған.

- Сот үкімімен кінәлілердің біріне 4 жыл, екіншісіне 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, екеуіне де 2 жылға қаржылық қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы берілді. Залалдың бір бөлігі өтелді.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы айыпталушылардың кінәсін толық дәлелдеді, - делінген ақпаратта.