• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» Кеше

Биыл «Таза Қазақстан» жобасы аясында 405 іс-шара өткізілді

20 рет
көрсетілді

Атап айтсақ,  «Таза қала», «Таза аймақ», «Таза жағалау», «Қалаға ағаш», «Мөлдір бұлақ», Халықаралық құстар күні, «Жер сағаты» және басқа да акциялар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде 121 мың тоннадан астам қалдық жиналып, 584 мың гектарға жуық аумақ тазартылды және 1,7 миллионнан астам ағаш көшеті отырғызылған.

Іс-шараларға 1,4 миллионға жуық адам қатысты, оның ішінде 82 мың ерікті бар. Сонымен қатар ЖОО мен мектептерде экосағаттар аясында экология департаменттерінің зертханаларына экскурсиялар мен дәрістер өткізіліп, 5000-нан астам студент экологиялық мониторинг құралдарымен танысқан.

Сондай-ақ су айдындарын тазарту кезінде 342 балық аулау торы жиналды, 21 бұлақ қалпына келтірілді, мектеп оқушылары 1982 ұя (құс үйшігі) орнатты.

Естеріңізге сала кетейік, 21–23 сәуір аралығында Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен «Таза Қазақстан» экофестивалі өтті. Көрме алаңында келесідей жобалар таныстырылды:

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жобалары; Ірі өнеркәсіптік компаниялардың бастамалары (ERG, ТШО, КПО, Қазахмыс); Халықаралық жасыл технологиялар орталығының қолдауымен экостартаптар; Мектеп оқушыларының экологиялық жобалары.

Көрмені 1500-ден астам адам, соның ішінде елорда ЖОО-лары мен колледждерінің студенттері тамашалады.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бастамасы аясында халықпен кері байланыс орнату мақсатында Telegram-да чат-бот жұмыс істеп тұр. Бұл чат-бот арқылы әрбір азамат ластанған аумақтың фотосын және геолокациясын жолдай алады. Өтінімдер автоматты түрде тиісті органдарға жіберіліп, жедел түрде қарастырылады.

Чат-бот іске қосылғаннан бері жүйеге 18322 өтінім келіп түсті, оның 16907-сі орындалған. Чат-ботты ең белсенді қолданатындар — Алматы мен Астана қалаларының, сондай-ақ Түркістан облысының тұрғындары.