• RUB:
    6.33
  • USD:
    513.74
  • EUR:
    569.17
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 11:10

Бүгін елордада пара дзюдодан әлем чемпионаты басталады

20 рет
көрсетілді

2025 жылдың 13–15 мамыр аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында пара дзюдодан әлем чемпионаты IBSA Judo World Championships Astana 2025 өтеді. Бұл төрт жылда бір ұйымдастырылатын және пара дзюдо саласындағы ең беделді халықаралық дода, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықаралық зағиптар спорт федерациясының (IBSA) бастамасымен қолға алынған чемпионат 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Паралимпиада ойындарына іріктеу аясындағы маңызды рейтингтік турнир саналады.

ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлім еткендей, додаға әлемнің 40-тан астам елінен келген 350-ге жуық мықты спортшы қатысады. Олардың арасында 15 Паралимпиада чемпионы мен жүлдегерлері бар.

Әлем чемпионатында ел намысын ұлттық құраманың үздік спортшылары қорғайды. Атап айтсақ, Ақмарал Науатбек (48 кг), Ерғали Шәмей (73 кг), Даяна Федосова (70 кг) және Жұрқамырза Шүкірбеков (90 кг) сынды паралимпиадалық жүлдегерлер татамиге шығады.

Сонымен қатар елордада өтетін белдесулерге әлемдік дзюдоның жұлдыздары Бразилиялық Алана Мартинс Мальдонадо, Жапониялық Южито Широ, Румыниялық Флорин Болога, Өзбекстандық Шерзод Намозов, Түркиялық Ибрахим Бөлүкбашы қатысады.

Айта кетейік, соңғы үш жылда Астанада дзюдодан Grand Prix сериясының кезеңдері мен 2023 жылғы Азия чемпионаты ұйымдастырылды. Осындай маңызды жарыстарды өткізу арқылы еліміз пара дзюдодан әлем чемпионатын қабылдауға лайықты екенін көрсетті.Өздеріңізге мәлім, Қазақстан құрамасы бұған дейін де ірі халықаралық ареналарда жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Атап айтқанда:Токио Паралимпиадасында (2020 жыл):Ануар Сариев (60 кг) — күміс медальТеміржан Даулет (73 кг) — күміс медальЗарина Байбатина (70 кг) — күміс медальПариж Паралимпиадасында (2024 жыл):Ақмарал Науатбек (48 кг) — алтын медальЕрғали Шәмей (73 кг) — күміс медальДаяна Федосова (70 кг) — қола медальЗарина Райфова (70 кг) — қола медальЖұрқамырза Шүкірбеков (90 кг) — қола медаль жеңіп алған.

Әлем чемпионатының салтанатты ашылуы 13 мамыр сағат 15:00-де өтеді.  Кіру тегін.