• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Мамыр, 2025

Әлеуметтік маңызы бар тауар бағасы тұрғысында 24 млн теңге айыппұл салынған

30 рет
көрсетілді

Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және сауда үстемелерінің негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және өңірлік комиссиялармен өзара іс-қимыл жасау тұрғысында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жыл басынан министрліктің аумақтық департаменттері 1585 әкімшілік қаулы шығарған, оның 396-сы жалпы сомасы 24 млн теңге айыппұл, 1189-ы ескерту.

ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-4-бабының талаптарын іске асыру шеңберінде (ӘМАТ-қа 15%-дан астам сауда үстемесінің мөлшерін асырғаны үшін) 1419 қаулы шығарылды, оның ішінде 18,2 млн теңге сомасына 239 айыппұл салынып, 1180 ескерту жасалды.

Мәселен, картопқа сауда үстемесін асырғаны үшін 505 қаулы шығарылған, оның 41-іне айыппұл салынып, сомасы 2,6 млн теңгеден асқан. Ал 464-іне ескерту жасалған.

Аталған министрліктің Сауда комитетінің мәліметінше бұдан басқа, делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметі шеңберінде ӘМАТ тауарларын жеткізу тізбектері бойынша жыл басынан бері 303 отырыс өтіп, қорытындысы бойынша өнімсіз делдалдардың қатысуының 1164 жағдайы және сауда үстемелерінің асып кету фактілері анықталған. Осы жұмыстың нәтижесінде 1079 әкімшілік қаулы шығарылды, ал 85 өнімсіз делдал жеткізу тізбегінен шығарылған.