Алдын ала мәлімет бойынша дүмпу ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 239 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алдын ала мәліметке сәйкес, зілзаланың эпицентрі Қырғызстан аумағында тіркелді. Қазір нақты деректер нақтыланып жатыр», деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.
Ресми деректер бойынша Алматы қаласында сейсмикалық белсенділік сезілмегенімен, кейбір қала тұрғындары жеңіл жер асты дүмпулерін байқаған.
Айта кетейік, бұған дейін де Алматы маңында бірнеше рет жер сілкінісі тіркелген болатын. 10 мамыр күні де алматылықтар жер асты қозғалысын сезінген. Ол кезде эпицентр қала орталығынан 35 шақырым оңтүстік-батысқа қарай орналасқан.