• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 10:05

Қазақстанда 44 градусқа дейін аптап ыстық болады

20 рет
көрсетілді

Синоптиктер Қазақстанда 13, 14 және 15 мамырда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болжамға сәйкес, Иран аймақтарынан жылы ауа массаларының келуі Қазақстанның оңтүстік және орталық облыстарында жауын-шашынсыз ыстық ауа райын қалыптастырады. Ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, 15 мамыр күні күндізгі уақытта термометр бағандары оңтүстік өңірлерде 35-44 градусқа дейін, орталық өңірлерде 35-38 градусқа дейін ыстықты көрсетеді, Ақмола облысында да 30-35 градус аралығында ыстық ауа райы күтіледі.

«Дегенмен, батыс және солтүстік аймақтарға циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, олар жаңбыр мен найзағай әкеледі, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі де мүмкін», деді синоптиктер.