• RUB:
    6.35
  • USD:
    514.5
  • EUR:
    582.67
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 11:00

Астанада тректегі велоспорттан халықаралық турнир өтеді

30 рет
көрсетілді

2025 жылдың 16-18 мамыр аралығында Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегі базасында тректегі велоспорттан ірі халықаралық Silk Way Series Astana 2025 турнирі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биылғы турнирге әлемнің он елінен спортшылар қатысады. Жүлделер үшін Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Армения, Грекия, Ресей, Латвия және Литва құрамалары өзара бақ сынайды.

Айта кетейік, Silk Way Series – халықаралық деңгейдегі беделді спорттық дода. Бұл турнир Азия мен Еуропа арасындағы спорттық байланысты нығайтып, велоспортты дамытуға серпін береді.