• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Мамыр, 2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтеді

70 рет
көрсетілді

2025 жылғы 9 мамыр күні сағат 21:00-де Алматы қаласындағы Абай алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды дрондар шоуы ұйымдастырылады. Шоу Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шара барысында 500-ден астам дрон қолданылып, Ұлы Отан соғысының қаһармандары – Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Бауыржан Момышұлының бейнелері анимациялық түрде аспанда көрсетіледі. 

Көрермендерге дрон-шоуды тамашалауға арналған бірнеше алаңдар дайындалған:

Абай алаңы; «Қазақстан» қонақ үйі маңы; Caspian University маңы; Абай даңғылы (Назарбаев пен Достық көшелерінің аралығы)

Осыған байланысты 9 мамыр күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін қала орталығында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Абай даңғылының Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі бөлігі, сондай-ақ, Достық даңғылының Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі аралығында жол жабылады.