• RUB:
    6.35
  • USD:
    514.5
  • EUR:
    582.67
Басты сайтқа өту
Өшпес даңқ Кеше

Қасым Қайсенов ауылында «Батырлар аллеясы» ашылды

60 рет
көрсетілді

2025 жылғы 7 мамыр күні, Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Қасым Қайсенов ауылында «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты патриоттық іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шара барысында Кеңес Одағының Батыры, аңызға айналған партизан Қасым Қайсеновке арналған мурал көпшілікке таныстырылып, соғыс жылдарының әндері шырқалған. Жиынның ресми ашылуы Мемлекеттік гимнмен басталып, облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысушыларды құттықтады.

«Ескерткіш стела – Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысы ардагерлерінің рухына деген мәңгілік тағзым. Жас ұрпақ осындай ерлердің ерлігіне қарап, Отанға қызмет етудің қадірін түсінуі тиіс. Бүгінгі жауынгерлер де сол батырлардың жолын лайықты жалғастырады деп сенемін», деді облыс басшысы.

Облыста олардың есімдерін мәңгі есте қалдыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Биылдың өзінде 6 ескерткіш жаңартылып, Қасым Қайсеновке арналған мурал салынған.

Шараға қатысқан Халық Қаһарманының ұлы Болат Қайсенов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аймұхамбет Бакимбаевтың сөздері жиналған қауымға ерекше әсер етті. Жиын Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алумен аяқталған.