• RUB:
    6.35
  • USD:
    514.5
  • EUR:
    582.67
Басты сайтқа өту
Туризм Кеше

Сенімді туроператорлар мен турагенттерді қалай таңдауға болады?

70 рет
көрсетілді

Туризм индустриясы комитеті азаматтарға қауіпсіз әрі сенімді саяхат жасау үшін туроператорлар мен турагенттерді дұрыс таңдауға кеңес береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресми деректерге сәйкес, «Е-лицензиялау» мемлекеттік порталында қазіргі таңда елімізде 11 914 турагент пен 634 туроператор тіркелген. Сонымен қатар, туризм саласындағы сенімді қызмет көрсетушілердің тізімі Туризм индустриясы комитетінің және жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында жарияланған. Мұнда туроператорлармен қатар, гидтер, экскурсоводтар мен туризм нұсқаушылары да қамтылған.

Сарапшылардың айтуынша, туристік компанияға жүгінген кезде азаматтар компания өкілінен турагенттік қызмет туралы хабарламаны және туроператордың лицензиясының бар-жоғын міндетті түрде сұратуы керек. Бұл — тұтынушы құқығын қорғаудың алғашқы қадамы.

«Тұтынушыларды қорғаудың негізгі құралының бірі – туристік код. ТурКод – бұл әріптер мен сандардан тұратын бірегей код, оны тексеру арқылы турист туроператордың ұшу мен тұру шығындарын қабылдаушы тарапқа және әуе компаниясына төленгеніне көз жеткізе алады. Бұл бірегей механизм туроператордың өз міндеттемелерін орындай алмауы немесе төтенше жағдайлар/оқыс оқиғалар орын алған жағдайда туристердің елге қайта оралуын кепілдендіреді», делінген хабарламада.

Аталған шаралар туристік саладағы ашықтықты арттырып, азаматтардың құқықтарын қорғауға және отандық туристік компанияларға деген сенімді нығайтуға бағытталған.