Дүниежүзінде алуан-алуан көпір бар. Солардың арасында қолдану бағыты мен құрылысы жағынан таңдай қақтырарлық небір түрі кездеседі.
Әсіресе Германияның Гамбург шаһары әлемдегі ең көп көпірі бар қала ретінде танымал. Мұндағы көпір саны – 2300-дей. Бұл көрсеткіш Венеция, Амстердам және Лондон қалаларындағы көпірлерді қосқаннан да көп.