• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 07 Мамыр, 2025

Сүттен тігілген киім

10 рет
көрсетілді

1935 жылдары Италия ғалымдары сүттің құрамындағы ақуыздан ланитал деп аталатын синте­тикалық талшық жасап шығарды. Содан бастап бұл материалдан түрлі киім тігіліп, дүкен сөрелерін жаулай бастады.

Ланитал әскери мақсатта көп қол­данылған. Оны америкалықтар да өндіріп, жауынгерлерге арнап бас киім тіккен. Алайда 40-жылдардың соңына қарай ланиталдың дәуірі аяқталып, біртіндеп қол­даныстан шықты. Себебі сапалы әрі ар­зан синтетикалық маталар латиналға қа­ра­­ғанда жауын-шашынға төзімді болды.