• RUB:
    6.39
  • USD:
    518.53
  • EUR:
    588.17
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 10:30

Пара үстел теннисшілері үш медаль иеленді

20 рет
көрсетілді

Черногорияның Подгорица қаласында пара үстел теннисінен World Para Challenger Podgorica 2025 әлемдік сериясы өтті, деп жазады Egemen.kz. 

Аралас жұптық сайыста Александра Степанова мен Ерлан Казиев және Алтынай Ержанқызы/Талғат Эрекеев жұбы қола жүлдеге қол жеткізді. Ал, әйелдер арасында жұптық санат бойынша Сәуле Айдарханова мен Александра Степанова үшінші орын алды. Осылайша қазақ пара спортшылары байрақты бәсекеде 3 қола медаль еншіледі.

Сала министрлігінің мәліметінше дүбірлі дода 29 сәуірде басталып, 3 мамырда аяқталған, оған 28 елден 140-тан астам спортшы қатысқан.