Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясы аясында «Ұлы Жеңіс. 80 жыл» атты жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарды. Бұл монеталар Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлердің ерлігі мен жанқиярлығына деген құрметті білдіреді және өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруді көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Монеталарда ерлікпен қаза тапқан батырларды еске түсіретін мәңгілік алау бейнеленген. «80» санының ішінде орналасқан ою-өрнек Жеңіс лентасын бейнелейді және ол Мемлекеттік Тудың элементтерімен үндестік тапқан.
Айта кетейік, монеталар алтын жалатылған 925 сынамды күмістен және нибрасс/нейзильбер қоспаларынан (биколорлы) жасалған.
200 теңгелік монеталар Қазақстан аумағында заңды төлем құралы ретінде еркін айналымда болады. Ал коллекциялық монеталар барлық банктерде төлемге қабылданып, шоттарға есептеліп, айырбасталуы мүмкін.