• RUB:
    6.39
  • USD:
    518.53
  • EUR:
    588.17
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 09:20

Бейнеттің зейнетін ерте көреді

20 рет
көрсетілді

Елімізде 2024 жылдың 1 қаңтарынан зиянды еңбек жағ­дайында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға ар­наулы әлеуметтік тө­лем енгізіл­ген еді. Биыл жыл басы­нан бері осындай төлем 1940 азаматқа тағайын­далған.

Жалпы, арнаулы әлеуметтік төлем тағайындауға ұзын-саны 1957 адам өтініш білдіріпті. Рес­пуб­ликалық бюджеттен, Бірың­ғай жинақтаушы зейнетақы қо­ры есебінен төленетін арнау­лы әлеуметтік төлемге 128 адам жү­гінген. Оның ішінде 127 азамат­қа ар­наулы әлеуметтік төлем тағайын­дал­ған. Төрт қаржы­лан­ды­ру көзінен берілетін арнаулы әлеуметтік төлемге 1829 адам өтініш білдіріп, оның 1813-іне төлем тағайындалған. Бұл ретте қаржыландыру респуб­ли­калық бюджет, Бірыңғай жи­нақ­таушы зейнетақы қорынан бөлек, жұмыс берушілерден, өмір­ді сақтандыру ұйымдарының есебі­нен жүргізілген. Міндетті шартқа сәйкес келмеуіне байланыс­ты бір өтініш берушіге арнаулы әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тартылған. 16 азаматтың өтініші әлі де қарау сатысында. 74 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартының жасалуын күтіп отыр.

Өңірлер бөлінісінде арнаулы әлеуметтік төлемге өтініш білдір­гендер Қарағандыда көп. Онда 2 көзден – 17, 4 көзден 217 адам өтініш қалдырған. Шығыс Қазақстанда 2 көзден – 16, 4 көзден 180 адамның, Қостанайда  2 көзден – 2, 4 көзден 180 адамның өтініші қабылданған.